Экономика

Инфляциялық процестер баяулауы мүмкін – Ұлттық банк төрағасы

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес биыл, сыртқы инфляцияның ішкі бағаларға әсеріне, инфляциялық күтулердің миграциялық шок салдарынан артуына байланысты инфляция өсуін жалғастырады.

-->

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлады Elorda.info inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғары құбылмалылық пен белгісіздіктің орын алуы 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, оның ішінде ақша-кредит саясаты мен төлем балансының көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етуде. Экономиканы фискалдық ынталандыру аясында инфляциялық күтулердің артуына байланысты және азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік өсуінен Қазақстанда да инфляция қарқын алып келеді. Қазан айының қорытындысы бойынша инфляция 18,8%-ға жетті, - деді бас банк төрағасы.

Болжамға сәйкес биыл, сыртқы инфляцияның ішкі бағаларға әсеріне, инфляциялық күтулердің миграциялық шок салдарынан артуына байланысты инфляция өсуін жалғастырады.

Жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатын ескере отырып, сыртқы инфляциялық қысымның болжамды төмендеуіне байланысты 2023 жылы инфляциялық процестер баяулайды деп күтіледі, - деді Ғалымжан Пірматов.