Экономика

2025 жылы өңірлердің кірісі 30%-ға артады – Әлібек Қуантыров

Өңірлердің кірісі 2025 жылы 6,1 трлн теңгеге дейін немесе 30%-ға артады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің айтуынша, өткен жылы Үкімет жергілікті бюджеттердің кірістерін болжау әдіснамасын жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Парламент депутаттары мен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша өңірлердің салық әлеуеті есепке алынды. Сонымен қатар Үкімет шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын берудің оң тәжірибесін ескере отырып, осы үш жылдық кезеңде де жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайту бойынша тәжірибені жалғастырды.

-->

Өңірлердің кірісі 2025 жылы 6,1 трлн теңгеге дейін немесе 30%-ға артады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қарау үшін ұсынылған «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Заң жобасы әкімшілік-аумақтық құрылымды және үш жаңа облысты қайта құру жағдайында әзірленді. Жаңа үш жылдық жалпы сипаттағы трансферттер осы міндетті өз тарапынан бюджетаралық қатынастарды жетілдіру бойынша жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен шешуді қарастырады, - деді ол.

Министрдің айтуынша, өткен жылы Үкімет жергілікті бюджеттердің кірістерін болжау әдіснамасын жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Парламент депутаттары мен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша өңірлердің салық әлеуеті есепке алынды. Сонымен қатар Үкімет шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын берудің оң тәжірибесін ескере отырып, осы үш жылдық кезеңде де жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайту бойынша тәжірибені жалғастырды.

Бұл ретте, заң жобасында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысының орта есеппен 25%-ға өсуімен, сондай-ақ жекелеген түсімдерді жергілікті деңгейге 300 млрд теңге көлемінде беруге байланысты қосымша түсімдер ескерілді. Біздің бағалауымыз бойынша, аталған шараларға ағымдағы жылы 2020-2022 жылдарға белгіленген салық демалысының аяқталуы қосымша серпін береді, - деді министр.