Экономика

Сотталғандар өтемақы қорына 2 млрд теңге төледі

Қазақстанда жәбірленушілерге өтемақы қорынан 30-50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша төленеді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы норма шығармашылық қызметін үйлестіру департаментінің басшысы Алмаз Мұхаметжанов айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, құжаттар тергеу басталғаннан кейін бірден дайындалады. Екі ай мерзімнен аспауы тиіс.

-->

Жәбірленушілерге арналған өтемақы қоры бойынша тиісті заңнамалық акт бар. Қылмыстық кодексте сотталған азаматқа қорды толықтыруға міндеттеме жүктелетіні туралы жалпы норма жазылған. Қордағы жиналған ақша жәбірленушілерге төлемақы ретінде біреледі. Өтемақы қоры коммерциялық ұйым емес, ол қазынашылық комитетіне қарайды. Тиісті құжаттарды қазынашылық комитеті арқылы қылмыстық істі тергеп жатқан адамдар әзірлейді, - деді Алмаз Мұхаметжанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, құжаттар тергеу басталғаннан кейін бірден дайындалады. Екі ай мерзімнен аспауы тиіс.

Осы уақыт ішінде тергеу жүргізетін орган тиісті құжаттарды қазынашылыққа тапсырып, жәбірленуші өтемақы алуы керек. Тағы бір жайт, өтемақы қорына ақша төлегені үшін сотталушы жәбірленуші тарапынан қойылатын талаптарды өтеуден босатылмайды. Жәбірленушіге қордан берілетін төлем мөлшері - 30-50 АЕК. Өтемақы қорында сотталғандардан өндіріп алынған қаражат - шамамен 2 млрд теңге. Ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу үшін жеткілікті, - дейді ол.