Экономика

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 20%-ға өсті

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-министрі Роман Головченкомен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Өзара сауданы ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Беларусь нарығына шығарылатын экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты Үкімет жақын арада Беларусь басшылығының қарауына жіберілетін әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесін жаңартты. 

Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 20%-ға өсті.

Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі – өнеркәсіп кооперациясы. Бүгінгі таңда 1,5 мың жұмыс орнын құра отырып, бірлескен 7 жоба іске қосылды, тағы 2 жоба іске асыру сатысында. 

Өз кезегінде Роман Головченко ауыл шаруашылығында, атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь технологиялары бойынша тауарлы сүт кешендерінде бірлескен жобаларды іске қосудың перспективаларын атап өтті.

Жалпы, Беларусь Премьер-Министрі екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды мақсатты түрде нығайтуға дайын екенін айтты.

-->

Қазіргі таңда біз әртүрлі салаларда шикізаттық емес тауарлардың 105 түрін жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауға дайынбыз, — деді Әлихан Смайылов.