Елімізде доллар бағасы қымбаттады
Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы доллардың бағамы 472,93 теңгені құрап, 1,98 теңгеге өсті, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық Банк долларының 22 қазандағы ресми бағамы 470,6 теңгені құрайды.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, ағымдағы сәтте Алматының айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 471,31 теңгеге, сату – 475,05 теңгеге тең. Астананың айырбастау пунктерінде доллар орташа есеппен 469,4 теңгеден сатып алынады, 473,39 теңгеден сатылады.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 2,16 теңгеге өсті.
-->Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы доллардың бағамы 472,93 теңгені құрап, 1,98 теңгеге өсті, деп хабарлады Elorda.info.