Қанттың қымбаттауы құзырлы органдардың салғырттығынан болды – Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, өңір жұртшылығымен кездесіп жатыр, деп хабарлады Elord.info.
-->Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жетісу облысына жұмыс сапарымен барып, өңір жұртшылығымен кездесіп жатыр, деп хабарлады Elord.info.
Еліміздегі 4 қант зауытының екеуі Жетісуда орналасқан. Оның біреуі – Ақсу қант зауыты жұмыс істемей тұр. Зауытты іске қосуға 2017 жылдан бастап облыстық бюджеттен 12 миллиард теңге жұмсалды. Алайда, серіктес инвестор тарапынан серпінді жұмыс байқалмай отыр.
Биыл жазда елімізде қант бірден қымбаттап, тіпті, тапшылық туындады. Оның бәрі құзырлы органдардың салғырттығының кесірінен болды. Тіпті, тиісті кадрлық шешімдер қабылдауымызға тура келді, – деді Қ.Тоқаев.