«Самұрық-Қазына»АҚ қорынан «Қазақстан Халқына» қорына 130 млрд теңге бөлінеді – Қаржы министрлігі
Бүгін Қаржы министрінің міндетін атқарушы Ержан Біржанов 2023 жылы Самұрық-Қазына» АҚ қорынан «Қазақстан Халқына» қорына 130 млрд теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Ержан Біржановтың айтуынша, 2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 170 млрд-тан астам қаржыны бюджетке ауыстыру жоспарланып отыр.
-->Бүгін Қаржы министрінің міндетін атқарушы Ержан Біржанов 2023 жылы Самұрық-Қазына» АҚ қорынан «Қазақстан Халқына» қорына 130 млрд теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Президенттің тапсырмасы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ қоры келесі жылы 130 млрд теңгені «Қазақстан Халқына» қорына аударады. Бұл дегеніміз таза табысының 7 пайызын құрайды, -деді Е.Біржанов.
Ержан Біржановтың айтуынша, 2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ қорынан 170 млрд-тан астам қаржыны бюджетке ауыстыру жоспарланып отыр.
«Самұрық-Қазына» АҚ қоры алдағы жылы 260 млрд теңгеге әлеуметтік жобаларды қаржыландырады. Олардың ішінде қаржы әсіресе медициналық орталықтар, мектептер, спорт объектілері, тұрғын-үй салуға жұмсалады. Сондай-ақ әлеуметтік осал топтардағы азаматтарға бөлінетін болады. Бұлардың барлығы халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған, - деді Е.Біржанов.