Өзбекстаннан Қазақстанға импортталатын ТОП-10 өнім
Өзбекстаннан Қазақстанға іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік құралдары, газга айналған күйінде табиғи газ, жүзім, полиэтилен, құрма, күл мен қалдықтары, қышқыл шие, өрік, моторлы көлік құралдары, пияз импортталады, деп хабарлады Elorda.info «Атамекен» ҰКП сілтеме жасап.
Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 27%-ға артты. Соңғы бес жыл ішінде елдер арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартысында айналым 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,13%-ға жоғары. Соның ішінде экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт –17,4%-ға өсті, -деп жазылған хабарламада.
Екі ел арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын нығайып келеді. Елдер арасында туындайтын практикалық мәселелерді жедел шешу және екіжақты қатынастарды жандандыру үшін халықаралық және үкіметаралық алаңдар құрылды. Мәселен, 2017 жылдан бастап осы мақсатта Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесі құрылды. Онда Қазақстан тарапынан «Атамекен» ҰКП басшысы тең төраға болып саналады.
Басты мәселелер – транзит тасымалы кезіндегі мөлшерлеме, сертфикаттарды өзара тану, мақта шикізаты, жіп пен матаға баға, сонымен қатар еңбек күшінің көші-қон мәселесі. Осы және басқа да көптеген мәселе Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің күн тәртібінде тұр.
Қазақстан Өзбекстанмен сыртқы сауда серіктестік бойынша үшінші (ҚХР және РФ кейін) орында. Тауар айналымындағы үлес салмағы 8,9%. Сыртқы сауда палатасының мәліметінше, Өзбекстанға Қазақстаннан негізінен мұнай және мұнай өнімдері, бидай, ұн, күнбағыс тұқымы, қара және түсті металл, бейорганикалық химия өнімдері және азық-түлік тауарлары экспортталады.
-->Өзбекстаннан Қазақстанға іштен жанатын қозғалтқышы бар көлік құралдары, газга айналған күйінде табиғи газ, жүзім, полиэтилен, құрма, күл мен қалдықтары, қышқыл шие, өрік, моторлы көлік құралдары, пияз импортталады, деп хабарлады Elorda.info «Атамекен» ҰКП сілтеме жасап.
Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 27%-ға артты. Соңғы бес жыл ішінде елдер арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуі байқалады. Мәселен, 2022 жылдың бірінші жартысында айналым 2,6 млрд долларды құрады. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27,13%-ға жоғары. Соның ішінде экспорт көлемі 30,9%-ға, ал импорт –17,4%-ға өсті, -деп жазылған хабарламада.
Екі ел арасындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын нығайып келеді. Елдер арасында туындайтын практикалық мәселелерді жедел шешу және екіжақты қатынастарды жандандыру үшін халықаралық және үкіметаралық алаңдар құрылды. Мәселен, 2017 жылдан бастап осы мақсатта Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесі құрылды. Онда Қазақстан тарапынан «Атамекен» ҰКП басшысы тең төраға болып саналады.
Іскерлік кеңес аясында біз барлық мәселені тікелей пысықтай аламыз. Осы мәселелерді шешу іскерлік ынтымақтастықтың қарқынын арттурға ықпал етеді, - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.