Елімізде соңғы 9 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 5%-ға өсті
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібеков Қуантыров Үкімет отырысында 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібеков Қуантыров Үкімет отырысында 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндамасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сандық деректерге сәйкес, ел экономикасының өсу қарқыны 2,8%-ды құрады. Оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,1%, ал қызмет көрсету саласында 1,9% болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 7%-ға дейін жеделдеді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,6%-ға өсті. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,1%-ға ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,1%-ға өсті. 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9 %-ға артық. Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 6,9%-ға ұлғайды, – деді министр.