Банкоматтар жаңа 20 мың теңгелік банкноттарды қашан қабылдайды
Ұлттық банк елдегі банкоматтар жаңа 20 мың теңгелік банкноттарды қашан қабылдай бастайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
-->
Ұлттық банк елдегі банкоматтар жаңа 20 мың теңгелік банкноттарды қашан қабылдай бастайтынын айтты, деп хабарлады Elorda.info ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Екінші деңгейдегі банктер мен бизнес субъектілері (мысалы, төлем қызметтерінің операторлары) белгілі бір банкнотты қабылдау және беру үшін автоматты құрылғыларды өз бетерінше баптайды. Номиналы 20 000 теңге болатын жаңа үлгідегі банкноттың жаңартылған дизайны мен инновациялық қорғаныс элементтері бар. Осыған байланысты, екінші деңгейдегі банктер мен бизнес субъектілерінің банкоматтарды жаңа банктоттарды мүлтіксіз қабылдайтындай етіп бейімдеп, конфигурациялау үшін белгілі бір уақыт қажет болуы мүмкін, – деп жазылған Ұлттық банктің редакция сауалына берген жауабында.