Экономика

Президент «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумына қатысты

Іс-шараға премьер-министр, мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың жетекшілері, отандық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Президентке Astana Hub IT экожүйесінің қазіргі қызметі және Google for Startups компаниясымен бірлескен бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды, сондай-ақ Alem бағдарламалау мектебі мен «Қазақстан халқына» қорының жобасы таныстырылды.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев стартап аллеясындағы әрбір жобаға арнайы тоқталып, компания өкілдерінің жетістіктерін тыңдады. Олардың бірқатары тек Қазақстан нарығымен шектелмей, шетел нарығына да шыға бастаған.

Мемлекет басшысына, атап айтқанда, аймақтық авиакомпанияларға арналған Farel авиациялық софттың жаңа буыны, Arbuz интернет супермаркеті, Zypl.ai жасанды интеллект зауыты, UvU Ridesharing балалар мен әйелдерге арналған қауіпсіз тасымалдау қызметі, Parqour ақылды тұрақ қызметі, сloud-есептеулерді жеңілдететін FIBO Cloud қызметі және Intebix криптобиржасы секілді стартаптар таныстырылды.

Түркияның Өнеркәсіп және технологиялар министрі Мұстафа Варанк пен Өзбекстанның Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов өз елдеріндегі технопарктердің Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығына қатысты жоспарлары туралы айтып берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Blockchair, Playrix, EPAM, inDriver халықаралық IT-компанияларын Қазақстанға тарту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру нәтижелері туралы баяндалды. Атап айтқанда, Астана қаласының геоаналитикалық платформасы, E-gov денсаулық, Әлеуметтік әмиян және отбасының цифрлық картасы, Vet Mobile, E-Salyq Business, Жер телімдерін сату және жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу жөніндегі онлайн аукцион сияқты цифрлық шешімдер мен KazNedra жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы жөнінде сөз болды.

-->