Экономика

Министр мұнайды Еуропаға тасымалдау мәселелері қалай жүріп жатқанын айтты

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Айта кетейік, биыл мұнайды құбырмен тасымалдау артты. 

-->

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан соң айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпы Үкімет және «ҚазМұнайГаз» АҚ тарапынан өзіміздің мұнайды басқа да экспорттық тауарды шетке шығарудың әртараптандыру жолдарын ойластырып жатырмыз. Бұл –  жүйелі-кешенді шаруа. Бірақ дәл қазір қандай да бір проблемалар туындап жатыр деп айта алмаймын. Өзіміздің жоспарлаған көлемде мұнай мен газ шығарылады және жоспарлаған көлемде мұнай мен газ экспортталатын болады. Әзірге қандай да бір проблема жоқ. Дегенмен де сол Әзербайжанмен, Қытаймен, Иранмен, басқа да мемлекеттермен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатыр. Арнайы жұмыс тобы бар, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, биыл мұнайды құбырмен тасымалдау артты. 

Баламалы жолдың бірі – Қытай. Өздеріңіз білесіздер ғой, Қытай – біздің көршіміз. Ол – алпауыт мемлекет. Оның өзінің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері  көп. Сондай-ақ технология бойынша  алда тұр, - деді Қаржы министрі.