Қандай министрліктер бюджет қаржысын игере алмады
Биыл қаңтар-шілдеде мемлекеттік бюджет шығыны 10,1 триллион теңге деңгейінде болды. Бұл былтырмен салыстырғанда, 17,5 пайызға көп. Ranking.kz сарапшылары қай министрлік бөлінген бюджет қаржысын игермегенін зерттеді, деп хабарлады Elorda.info.
Сарапшылардың мәліметінше, 41 миллиард теңге игерілмеген. Оның бюджет қаражатынан үнемделгені - 9,6 миллиард теңге, игерілмегені - 31,4 миллиард теңге.
Мынадай республикалық бюджет бағдарлама әкімшілері қаржы көп игерілмеуіне жол берген: Білім және ғылым министрлігі (екі министрлік бірге) - 3918 миллион теңге, Ішкі істер министрлігі - 3912,9 миллион теңге, Қаржы министрлігі - 2313,5 миллион теңге, Төтенше жағдайлар министрлігі - 1377,5 миллион теңге, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі - 926,3 миллион теңге.
Қаражаттың игерілмеудегі негізгі себебі - шарт жасасу рәсімдерін ұзақ уақыт жүргізу, орындалған жұмыс актілерін және шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, төлеуге берілетін шоттарды кеш ұсыну, нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін ақы төлеу, есепті айда қаражат жұмсауға қажеттілік болмау.
Мәселен, Қаржы министрлігі бойынша 2313,4 миллион теңге игерілмеген, оның негізгі сомасы мына себептер бойынша болған: бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және оның атқарылуын бақылау саласында - 2291,4 миллион теңге. Оның ішінде орындалған жұмыстар актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауына, сондай-ақ, есепті айда қаражаттың жұмсалуына қажеттілік болмауына байланысты.
-->