Экономика

Елордада кабельді ұрлаған күдіктілер ұсталды

Күзет қызметкерлері аудандардың бірінде каналға кірген қылмыстық үштікті бейнебақылау камерасының объективінен байқаған.

Бір топ ер адамдар жер асты каналында 11-12 сағат болған. Қылмыскерлер қашып кетпеуі үшін күзет қызметі люкті жауып, полиция шақырған. Бүкіл топ ұзындығы 70 метр кесілген мыс кабельмен бірге кабельдік каналдың шахтасында ұсталды. Қазіргі уақытта күдіктілер кінәсін мойындады, «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамдардың қала аумағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

«Астана-АЭК» АҚ ақпараты бойынша, қаскүнемдердің құқыққа қарсы әрекеттерінің нәтижесінде қоғамға жалпы сомасы 2,8 млн теңгеге материалдық шығын келтірген.

Жыл басынан бері «Астана-АЭК» АҚ-да кабельдік электр желісін зақымдау және электр кабельдерінен мыс қалқанды ұрлау бойынша 3 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

-->