Нұр-Сұлтанда «Баланы мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы жалғасып жатыр
Бүгін партиялықтар көпбалалы, толық емес, аз қамтылған және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 40-тан астам оқушыны мектепке дайындауға көмектесті.
Көпбалалы ана Айжан Сақанова акцияның отбасылық бюджетті үнемдеуге көмектескенін атап өтті. Қыркүйек айына қарай оқу құралдары мен кеңсе тауарларының бағасы 10-30%-ға көтеріледі, бұл көмек көпбалалы ана үшін өте маңызды болды.
-->Бүгін партиялықтар көпбалалы, толық емес, аз қамтылған және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 40-тан астам оқушыны мектепке дайындауға көмектесті.
Биыл қайырымдылық акциясы 15 тамыз күні басталды және ол Highvill Kazakhstan компаниясының қолдауымен өтті. Партияның қоғамдық қабылдауына мұқтаж азаматтар жиі жүгінеді, кейбір отбасылар астаналық филиалдың қарауында болады. Біз бұл адамдарға тұрақты түрде қолдау көрсетуге тырысамыз, - дейді Amanat партиясы «Бірлік» аумақтық филиалының атқарушы хатшысы Шыңғыс Қожахметов.
Көпбалалы ана Айжан Сақанова акцияның отбасылық бюджетті үнемдеуге көмектескенін атап өтті. Қыркүйек айына қарай оқу құралдары мен кеңсе тауарларының бағасы 10-30%-ға көтеріледі, бұл көмек көпбалалы ана үшін өте маңызды болды.
Бүгін біз сөмке мен оқу құралдарын алдық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осындай қайырымдылық іс-шара ата-аналарға үлкен көмек болады. Енді біз жаңа оқу жылына дайынбыз, - деді көпбалалы ана.