Қанша қазақстандық жеңілдетілген несиемен көлік алды
Вице-Премьер жеңілдікпен автонесиелендіруді қосымша қаржыландыру мүмкіндігі болса, міндетті түрде пайдаланатынын айтты.
-->Біз мөлшерлемені 50%-ға төмендеттік, ӨКМ (өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері) қаражаты түсіп тұрады. Бұл ақша экологиялық іс-шараларға да, осындай бағдарламаларға да жұмсалады. Мен қазір айтқан бағдарламалар экологияны жақсартады. Біз бизнес пен азаматтарымызға автокөлікті жаңартуға да, экологияны жақсартуға да көмектесеміз, - деді Роман Скляр Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Вице-Премьер жеңілдікпен автонесиелендіруді қосымша қаржыландыру мүмкіндігі болса, міндетті түрде пайдаланатынын айтты.
Бағдарлама халық арасында өте танымал. Жеңілдетілген автонесиелеуге 100 млрд теңге бөлінген, бағдарламаны 12 мыңнан астам тұрғын пайдаланды, - деді Роман Скляр.