Экономика

Азық-түлік бағасының қымбат болуы Серік Жұманғариннің «жынын келтірді»

Ведомство басшысы жаңа қызметке тағайындалған соң сауда орталықтары мен базарларды аралаған.

Министр қанттың қымбаттағанын да жасырмады.

 

-->

Ведомство басшысы жаңа қызметке тағайындалған соң сауда орталықтары мен базарларды аралаған.

Сауда орталықтарына барып, бағаны көрдім. Баға айтарлықтай өскен. Оны бақылауға алу керек. Өңірлерде арнайы комиссия құрылған. Олардың да жұмысын бақылау керек, - деді Жұманғарин Үкімет отырысынан соң.

Министр қанттың қымбаттағанын да жасырмады.

Соңғы рет сауда орталығындағы Small супермаркетіне бардым. Онда 5 келі қант 5,5 мың теңгеге сатылып жатыр. Өте қымбат. Сондықтан біріншіден, барлық азық-түлік тауары мен қанттың болуын қамтамасыз ету керек. Екіншіден, бағаны төмендетуге тырысу керек. Бұл мәселеге қатысты біздің ұстанымымыз бар. Премьер-министр тапсырма берді, - деді ведомство басшысы.