Елімізде мұнай өндірісі артады
Ведомство алдағы екі жылда мұнай өндірісін жылына 85,7 млн тоннадан 103-ке дейін, тіпті 107 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ министр артылған мұнайды Қытай немесе Каспий теңізі арқылы тасымалдау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.
-->Біз әрқашан Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды жөнелту мен экспорттаудың экономикалық жағынан тиімдірек бағыты екенін айтып келеміз, сондықтан қазақстандық мұнай экспортын тұрақты өткізу арнасына ие болу үшін осы бағыттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету – басты міндетіміз. Бұл Қазақстанның жалпы экономикасының өсуі үшін өте маңызды. Балама туралы айтқанда, мәселені мына жағынан көтеру керек: біз алдағы екі жылда мұнай өндірісін ірі кен орындарымызды кеңейту, жаңаларын іздеу, жаңа шағын кен орындарын іске қосу арқылы арттыруды көздеп отырмыз, - деді министр.
Ведомство алдағы екі жылда мұнай өндірісін жылына 85,7 млн тоннадан 103-ке дейін, тіпті 107 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Тиісінше, бұл біз бүгін экспортқа жөнелтіп отырған көлемнен асып түседі. Мұндай жағдайда осы артық көлемді тұрақты әрі үздіксіз тиеу мәселесін ойлануымыз керек. Осы тұрғыдан алғанда біз басқа балама ықтимал жолдарды қарастырамыз, - деді Б.Ақшолақов.
Сондай-ақ министр артылған мұнайды Қытай немесе Каспий теңізі арқылы тасымалдау мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты.
Біз бұл баламалы жүктемелер бойынша Әзірбайжан да, Иран да Каспий теңізінде серіктес бола алатынын бірнеше рет айтқанбыз. Түрлі жағдайларға байланысты Иранның өзіндік ерекшеліктері бар. Иранға келсек, бұл елге салынған санкциялар мәселе туғызады. Бірақ, соған қарамастан, біз мұны қарастырамыз. Артылған мұнайдың бір бөлігі Әзербайжан арқылы тасымалданады, бірақ мәселе ірі көлем жөнінде болып отырған жоқ, - деді министр.