Экономика

2024 жылы 6 өңірде аутизм орталығы ашылады

-->

2023 жылы Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан өңірлерінде және Алматы мен Шымкент қалаларында тағы 13 ерте араласу орталығын ашуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар бүгінгі таңда Шымкент және Павлодар қалаларында аутизм спектрінің бұзылулары бар балаларға арналған орталықта жөндеу жұмыстары басталды. Бұл екі орталықтың ашылуы 2022 жылдың желтоқсан айында күтілуде, – деп жазылған «Самұрық-Қазына» жұртшылықпен байланыс департаментінің хабарламасында.