Қай қалалаларда баспана салуға шектеу енгізіледі
Министрліктің мәліметінше, шектеулерді енгізу қалалардың инженерлік жүйелері жаңа ғимараттардың жүктемесіне төтеп бере алмайтындықтан жоспарлануда.
Егер Алматыда 2022 жылы 3,4 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, онда жаңа ұсыныс бойынша бұл көрсеткіш 1,5 млн шаршы метрден аспауы тиіс. Нұр-Сұлтанда жоспарланған 2,3 млн шаршы метрден 2 млн шаршы метрге дейін. Бұл қалаларда жыл сайынғы өсім 10%-ға дейін болуы шарт. Министрлік шектеулерді президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдағанын атап өтті.
Министрлікте атап өткендей, бұл қалаларда инженерлік инфрақұрылым, ауыз су, жылу және электрмен жабдықтау, кәріз және нөсер ағындарын бұру, сондай-ақ, энергия көздерінің тапшылығы сақталуда, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін орналастыру үшін бос жер учаскелері жоқ.

Осыған байланысты республика бойынша тұрғын үй салудың жалпы республикалық көлемін азайтуға қайта есептеу жүргізілді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен қалған өңірлерде тұрғын үйді пайдалануға берудің түзетілген жылдық жоспарлы көлеміне жалпы ағымдағы жылдың соңына дейін қол жеткізу қажет,- деп мәлім етті ИИДМ.