Елімізде бір жылда ұн бағасы қанша пайызға қымбаттады
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлік бөліністе ұн өндірісінің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысына тиесілі: 552,4 мың тонна. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы кірді.
Жалпы, 2021 жылы өндіріс 3 млн тоннаны құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 10,3% - ға аз. Елдің ұн тартқыштары ішкі нарықты жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Мәселен, жарты жыл қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар сұранысты 98,9%-ға қамтамасыз етті.
Импорт 2,4 есе өсті, бірақ бұл бар болғаны 14,4 мың тонна. Экспортқа 764,7 мың тонна ұн жіберілді, бір жыл бұрынғыға қарағанда 36,2%-ға артық. Экспорттың үлесі ресурстардан 58,1% - ды құрады. ТМД елдеріне заттай мәнде 212,7 мың тонна ұн жөнелтілді, бір жыл бұрынғыға қарағанда 15,1%-ға артық. Ең көп қазақстандық ұн Өзбекстанға жіберілді: 158 мың тонна. 2021 жылғы қаңтар–мамырға қарағанда 17,6%-ға артық. Көшбасшылар үштігіне Түркіменстан мен Тәжікстан да енді.
Ұн бағасы бір жылда 36,6%-ға өсті. Бірінші сұрыпты ұнның килограмы 225 тг, жоғары сұрыпты ұн — 343 тг құрады. Еліміздің ірі қалалары арасында жоғары сұрыпты ұнның ең жоғары бағасы елордада (424 тг), ең төмені Павлодарда (кг үшін 222 тг) байқалды.
-->Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, өңірлік бөліністе ұн өндірісінің ең көп көлемі дәстүрлі түрде Қостанай облысына тиесілі: 552,4 мың тонна. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы және Шымкент қаласы кірді.