Экономика

Еліміз соңғы жылдары жүн экспортын 3,8 есеге арттырды

-->

Жүнге экспорттық бажды жою бөлігінде 2023 жылғы 30 сәуірге дейін жүнді әкетуге баж алынып тасталғанын атап өтеміз. Мәселен, соңғы жылы экспортталған жүннің жалпы көлемі 3,8 есеге өсіп, 7 мың тоннаны құрады (Қытай мен Ресей). Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 10 кәсіпорынның 4-уі биязы жүнді өңдеуге мүмкіндігі бар, қалған кәсіпорындар – бұл етік өндіру фабрикалары. Қосымша, ірі жүнді қайта өңдеу мақсатында Ақтөбе облысында қуаты 3 мың тонна жүн жылытқыштар өндіру бойынша «KazFeltec» ЖШС жобасын іске асыру басталды. Биязы жүнді қайта өңдеу бойынша жалпы қуаты 154 тонна иірімжіп және 465 мың шаршы метр мата болатын 2 әлеуетті «Шымкент Кашемир» және «ПОШ Тараз» жобалары бар. Тұтастай алғанда, саланы қаржылық қолдау шаралары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба аясында жүзеге асырылады, - деді Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі  Бақыт Сұлтанов  жауабында.