Экономика

Қазақстанда сүт бағасы қымбаттап кеткен

Биылғы қаңтар-мамыр айларында сұйық сүт пен кілегей өндірісі алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 пайызға төмендеп, 235,3 мың тонна болды.

Energyprom.kz мәліметіне қарағанда, бұл алты жыл ішінде өндіріс қарқынының алғаш рет төмен нәтиже көрсетуі. Сүттің басым бөлігін Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарында өндірді.

Қазақстандық зауыттар сүт пен кілегейге сұраныстың 95,9 пайызын қамтамасыз етті. Шетелден әкелінген сүт пен кілегейдің үлесі 3,7 пайыздан 4,1 пайызға дейін өсті. Ішкі нарықта өткізу көлемі 3,7 пайызға, 192 мың тоннаға дейін қысқарды, ал экспорт екі есе дерлік, 5,6 мың тоннаға дейін төмендеді.

Маусым айының қорытындысы бойынша сүт бағасы 2,4 пайызға, ал жыл басынан бері бірден 17,2 пайызға көтерілді. Өткен жылмен салыстырғанда сүт бағасы 21,5 пайызға өскен.

-->