Экономика

Азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады – Тоқаев

Президент инфляцияның шарықтап кетуі күрделі мәселе болып тұрғанын айтты.

-->

Президент инфляцияның шарықтап кетуі күрделі мәселе болып тұрғанын айтты.

Бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етеді. Оның деңгейі қазір 19,2 пайызға жетті. Үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шықты. Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.