Экономика

2030 жылға қарай елімізде электрондық сауданың үлесі 20% артуы мүмкін

2030 жылға қарай елімізде электрондық сауданың үлесі 20% артуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.

Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев электрондық сауда жаһандық экономикалық өсудің жаңа драйверлеріне айналғанын атап өтті. 2022 жылғы қорытынды бойынша елімізде электрондық сауданың үлесі – 12,5%-ды құрады, бұл шамамен екі трлн теңге. Бұл ретте өткен жылдың 11 айында электрондық сауда көлемі шамамен 2,2 трлн теңгені құрап, бөлшек көлемінен 13%-ға дейін өсті.

Қазақстандықтар негізінен интернет арқылы тұрмыстық заттар, киім-кешек пен аяқ киім, азық-түлік, косметика және дәрі-дәрмектер сатып алады.

Сонымен қатар Министрліктің алдында электрондық сауданың үлесін 2030 жылға қарай 20%-ға дейін жеткізу міндеті тұр. Аталған жұмыс шеңберінде танымал маркетплейстерде отандық өндіріс тауарларының ұсынылуын кеңейту, қойма және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Жиын барысында электрондық сауда нарығы өкілдерінің пікірлері де тыңдалды. Мәселен, «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова пошта операторының қызметі туралы баяндаса, отандық интернет-дүкеннің жұмыс тәжірибесі туралы Алуа Көрпебаева айтып берді.

Премьер-Министр атап өткендей, қазіргі таңда әлем елдерінде электрондық сауда нарығы тоқтаусыз дамып келеді. 2025 жылға қарай әлемдегі интернет-сауданың үлесі бөлшек саудадан 25%-ға асып түседі деп күтілуде.

Үкімет басшысының айтуынша, бұған онлайн және офлайн-дүкендердің бизнес-процестерінің өзгеруі, өнімді орналастыру мен жарнамалаудың жаңа форматтары ықпал етіп отыр. Мұның барлығы сатып алушыларды кеңінен тартуға мүмкіндік береді әрі олардың уақытын үнемдейді.

Қазақстанда 2023 жылы е-коммерция көлемі 2,2 трлн теңгеден асып, барлық бөлшек сауданың 13%-ын құрады. Біздегі нарықтың ауқымды бөлігі шетелдік интернет-алаңдарға тиесілі.

Премьер-Министр тұтынушылардың құқықтарын қорғау да маңызды мәселе екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін қажетті түзетулер әзірленіп, олар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына енгізілді. Аталған қазір Парламент қарауында және жақын арада қабылданады деп күтеміз.

Үкімет басшысының пікірінше, халықпен қатар, бизнестің де цифрлық сауаттылығын арттыру қажет. 

Қорытындылай келе, Премьер-Министр бір ай мерзімде отандық онлайн-дүкендерді дамыту және отандық тауар өндірушілерді шетелдік интернет-алаңдарға шығару үшін тиімді шешімдер әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы наурыз айының соңына дейін Ақтауда контейнерлік хабты және Құрық портында электрондық сауданың толыққанды логистика орталығын құруға кірісуі қажет екенін айтты.

-->

«Осы мүмкіндікті өз өнімдерімізді әлемдік нарықта өткізудің қосымша каналы ретінде пайдалануымыз керек. Сонымен қатар отандық онлайн-дүкендерді де дамыту қажет. Ол үшін төлем жүйелерінің, көлік-логистика инфрақұрылымының және курьерлік қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету керек», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр тұтынушылардың құқықтарын қорғау да маңызды мәселе екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін қажетті түзетулер әзірленіп, олар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасына енгізілді. Аталған қазір Парламент қарауында және жақын арада қабылданады деп күтеміз.

Үкімет басшысының пікірінше, халықпен қатар, бизнестің де цифрлық сауаттылығын арттыру қажет. 

«Бұған электрондық коммерцияға оқыту орталықтары ішінара ықпал етеді», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр бір ай мерзімде отандық онлайн-дүкендерді дамыту және отандық тауар өндірушілерді шетелдік интернет-алаңдарға шығару үшін тиімді шешімдер әзірлеуді тапсырды.

«Бізге өзіміздің бондтық қоймаларымыз қажет. Олар тауарларды еліміздегі сатып алушыларға, сол сияқты шетелдіктерге жеткізу процесін оңайлатуға мүмкіндік берер еді. Сондықтан, Сауда министрлігі «Қазпоштамен» бірлесіп, биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бондтық қоймалардың құрылысын бастауды қамтамасыз етуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы наурыз айының соңына дейін Ақтауда контейнерлік хабты және Құрық портында электрондық сауданың толыққанды логистика орталығын құруға кірісуі қажет екенін айтты.

«Бұл Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту аясында да маңызды болады», — деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.