200 теңгелік банкнотты қабылдамағандар жауапқа тартылады
Қазақстанда 200 теңгелік банкнотты қабылдамау әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады Elorda.info.
Ақпаратқа сәйкес, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармаған.
-->
-ҚР аумағында айналымдағы ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тарту – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 206-бабында көзделген әкімшілік жауапкершілікке жетелейді, – делінген Ұлттық банктің бейсенбідегі хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармаған.
-Айналымдағы 200 теңгелік банкоталар заңды күшін жойған жоқ, әрі табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады, - деп түсіндірілді Ұлттық банктің сайтында.