Экономика

Бюджет кірісі 41 млрд теңгеге асыра орындалды - Қаржы министрі

 

-->

 

Мемлекеттік бюджетке 6 трлн. 554 млрд. теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 107%-ке орындалды. Республикалық бюджетке 4,4 трлн. теңгеге жуық кірістер түсті немесе жоспар 100,9%-ке орындалды. Кірістер бойынша жоспар 41 млрд. теңгеге, оның ішінде салықтар - 11 млрд. теңгеге, салықтық емес кірістер – 29 млрд теңгеге асыра орындалды, - дейді  Ерұлан Жамаубаев.