Елімізде ұн бағасы қымбаттады
Energyprom.kz сайтының мәліметінше, жоғары сапалы ұнның құны 301 теңге, бірінші сортты ұнның келісі 200 теңге болды.
Жылдық динамика бойынша бағаның өсуін әсіресе Жамбыл облысының тұрғындары сезінді: бірден жылына 50,6%-ға қымбаттаған.
Үштікке Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары кірді: сәйкесінше 28,5% және 27,9%.
Зерттеуге сәйкес, еліміздің ірі қалаларының ішінде ең жоғары сұрыпты ұн елордада қымбат (келісі 369 теңге), ең арзаны Павлодарда (205 теңге) болды.
Елорда тұрғындары үшін бірінші сұрыпты ұн да қымбат (263 теңге), ең арзан ұн Петропавлда (139 теңге).
Айта кетейік, 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде дәнді дақылдардан 1,2 млн тонна ұн өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,6%-ға артық.
Өңірлер бойынша қарастырсақ, ең көп ұн Қостанай облысында өндірілді: 399,9 мың тонна.
-->Energyprom.kz сайтының мәліметінше, жоғары сапалы ұнның құны 301 теңге, бірінші сортты ұнның келісі 200 теңге болды.
Ай сайынғы динамика бойынша ұн бірден Жамбыл облысында 22,6%-ға, Батыс Қазақстан облысында 15%-ға, Түркістан облысында 14,1%-ға қымбаттады, – дейді сарапшылар.