Экономика

Елімізде темекі қымбаттауы мүмкін

Сенат кулуарында журналистер Жамаубаевтан темекі мен құрамында қант бар сусындарға акциздер енгізу туралы сұрады.

Оның сөзінше, Үкіметте құрамында қант бар сусындар туралы шешімге қатысты талқылаулар жүріп жатыр.

-->

Сенат кулуарында журналистер Жамаубаевтан темекі мен құрамында қант бар сусындарға акциздер енгізу туралы сұрады.

2024 жылға дейін тауарларға ставканы көтеруді жоспарлап отырмыз, бұл 35 еуро, шамамен 1000 данаға 16 мың теңгеге жуық шығады. Есептеп, мыңға бөліп, 20 данаға бөлуге болады, сонда қорап темекі үшін шамамен 300-350 теңге алынады, – деді ол.

Оның сөзінше, Үкіметте құрамында қант бар сусындар туралы шешімге қатысты талқылаулар жүріп жатыр.

Ставка бойынша ымыраға келсек, қажет болған жағдайда міндетті түрде айтамыз, Парламентке барамыз. Біз үшін тепе-теңдікті сақтау маңызды, бір жағынан – ұлт денсаулығы, екінші жағынан – кәсіпорындар зардап шекпеуі керек. Өйткені мұнымен акциздер есебінен салық төлейтін ШОБ айналысады, екінші жағынан, бұл бюджеттің мүддесі. Осының бәрін теңгеретін боламыз, – деді министр.