Қазақстан-Германия бизнес форумы: 11 келісімшартқа қол қойылады
Оның айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд долларды құрады.
СІМ басшысы орынбасарының мәліметінше, неміс компанияларына неғұрлым ірі нарық керек.
-->Соңғы екі жылда пандемияға қатысты көп компания Қазақстанға келе алмады. Олардың жаңа жобалары бар. Бүгін біз 11 келісімшартқа қол қойғалы отырмыз. Ол 200 млн доллар инвестиция әкеледі. Медицина, көлік-логистика, жасыл экономика саласындағы жобалар жүзеге асырылады. Былтыр пандемияға қарамастан неміс тарапынан бізге келген инвестиция көлемі 25 пайызға артып, 350 млн долларды құрады, – деді ол.
Оның айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 2,2 млрд долларды құрады.
Бизнес форумға неміс тарапынан 70-тен астам компания келді. Жалпы Қазақстанда 620 компания неміс капиталымен жұмыс істеп тұр. Қаңтар оқиғасына қарамастан біз неміс бизнесінің Қазақстанда жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасауымыз керек, – деді ол.
СІМ басшысы орынбасарының мәліметінше, неміс компанияларына неғұрлым ірі нарық керек.
Біз логистиканы дамытып жатырмыз. Неміс тарапына Еуразия мен Еуропаның нарығы керек. Бұрын Қытайдан біз арқылы 45-60 күнді алатын. Қазір Қытайдан Германияға дейін контейнерлерді 12-15 күнде жеткізе аламыз. Неміс тарапы бұл мүмкіндікке қызығушылық танытып отыр, – деді Алмас Айдаров.