Қазақстанда ең көп қымбаттаған азық-түлік тауарлары қандай
-->
Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4 пайыздан 17,19 пайызға көтерілген. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне ең көп үлесті қант, қырыққабат, күнбағыс майы қосуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының апта сайын өсуі тұрақтанды. Алайда наурызда жекелеген азық-түлік тауарларына сұраныстың артуы себебінен, бағалардың жылдық өсуі жоғары деңгейде сақталып отыр, - деді Ғ.Пірматов.