Қазақстанда жаңа салынған үйлердің бағасы 20%-ға өсті
Бір айда (биыл наурызбен салыстырғанда) бұрын пайданалуға берілген пәтерлер бағасы 1,8% өсіп, бір шаршы мерті 459 мың 137 теңге болды.
-->Биыл сәуірде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда пәтерлерді қайта сату бағасы 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғы сәуірмен салыстырғанда 22,2% артты, - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан хабарламада.
Бір айда (биыл наурызбен салыстырғанда) бұрын пайданалуға берілген пәтерлер бағасы 1,8% өсіп, бір шаршы мерті 459 мың 137 теңге болды.
Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде 0,8%-ға жоғарылап, бір шаршы метріне 412 мың 315 теңге және 3 561 теңге болды, - деп жазылған хабарламада.