Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қашан іске қосылады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, қазір утилизациялық алым бойынша оператор "Жасыл даму" АҚ-дан жеңілдетілген автонесиеге қаржы бөлу жұмыстары жүріп жатыр.
Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев тиісті қаражат осы апта түссе, келесі жұмада бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бағдарламаның негізгі шарттары: несие сомасы – 10 миллион теңге; жылдық сыйақысы 4 пайыз; мерзімі – 7 жыл.
-->Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, қазір утилизациялық алым бойынша оператор "Жасыл даму" АҚ-дан жеңілдетілген автонесиеге қаржы бөлу жұмыстары жүріп жатыр.
"Жасыл даму" шотынан ақша аудару бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізілуде. Бұл жұмыс аяқталған соң, ақша жіберіледі. Осы аптаның соңына дейін, мамырдың алтысына дейін бітіреміз, - деді С.Брекешев.
Индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев тиісті қаражат осы апта түссе, келесі жұмада бағдарлама іске қосылатынын мәлімдеді.
Аптаның аяғына дейін ақша түссе, келесі аптадан бастап бұл жұмыс басталады, - деді Қ.Өскенбаев.
Айта кетейік, бағдарламаның негізгі шарттары: несие сомасы – 10 миллион теңге; жылдық сыйақысы 4 пайыз; мерзімі – 7 жыл.