Экономика

Елімізде жұмыртқа мен құс еті қымбаттайды

Алматыдағы құс өнімдерін шығаратын зауыт қазірдің өзінде өнім көлемін 20 пайызға азайтқан. Өйткені, өнімнің өзіндік құнының 70 пайызын азыққа жұмсауға мәжбүр.

Қазақстанның құс өсірушілер одағы қазіргі қиын жағдайда ірі құс фабрикалары өнім көлемін қысқартса, ұсақ фабрикалар жабылудың аз-ақ алдында тұрғанын мәлімдеді. Астық тапшылығына тап болған фабрикалар ауылдарды аралап, бидайды қаппен жинауға мәжбүр.

Одақ өкілдері осының салдарынан құс еті мен жұмыртқаның бағасы 20-30 пайызға өседі не өндіріс көлемі 40 пайызға дейін қысқарады деген болжам жасап отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі құс еті мен жұмыртқаның бағасын қымбаттатпас үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы және Құс өсірушілер одағымен бірлескен меморандуға қол қойылғанын айтады. Соған сәйкес үкімет құс фабрикаларын 150 мың тонна арзан бидаймен қамтуы тиіс. Бірақ, құс өсірушілер оның бір айға да жетпейтінін айтып отыр.

-->

Біз бағаны өсірсек, Ресей мен Беларусь елдерінен келетін арзан өнім нарықты жаулап алады. Өнімдері арзан. Өйткені, оларда бидайдың бір тоннасы 90 мың болса, бізде 160 мың теңге тұрады. Оның үстіне бидайдан басқа дәрумендер мен екпелерден бастап, бройлерлердің өзін де шетелден сатып аламыз, – деді «Алель Агро» АҚ басқарма төрағасы Ерік Сұлтанқұлов.

Қазақстанның құс өсірушілер одағы қазіргі қиын жағдайда ірі құс фабрикалары өнім көлемін қысқартса, ұсақ фабрикалар жабылудың аз-ақ алдында тұрғанын мәлімдеді. Астық тапшылығына тап болған фабрикалар ауылдарды аралап, бидайды қаппен жинауға мәжбүр.

Одақ өкілдері осының салдарынан құс еті мен жұмыртқаның бағасы 20-30 пайызға өседі не өндіріс көлемі 40 пайызға дейін қысқарады деген болжам жасап отыр.

Жұмыртқаның бір данасының өзіндік құны 30-35 теңге болса, ол 45 теңгеге дейін қымбаттайды. Ал сауда орындарында кемі 50 теңгеден сатылады. Ал құс етінен біз әлі импортқа тәуелдіміз. Оның бағасы 900 теңгеден 1000-1100 теңгеге дейін барады, – деді Қазақстан құс өсірушілер одағының вице-президенті Бақыт Көшеғұлова.