Экономика

Қара және түсті металл сынықтарын елден шығаруға тыйым салынады

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, бұл шектеу Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 6 мамырдан бастап күшіне енетін «Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 224 бұйрығымен белгіленген.

-->

Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан аумағынан кедергісіз әкетуге жататынын хабарлаймыз, – деп жазылған хабарламада.