Елімізде 2024 жылы көгілдір отын қымбаттауы мүмкін
Оның айтуынша, газ экспортының қысқаруына байланысты Үкімет 2024 жылы көгілдір отынның құнын арттыруға мәжбүр болады.
-->Біріншіден, бұған дейін газ тұтыну бағасы елімізде айтарлықтай арзан болып келді. Екіншіден, іштегі бағаны экспорттың есебінен жабу жүйесі жұмыс істеген еді. Яғни, экспорттан түсетін жоғары табыстың есебінен ішкі бағаны ұстап тұру мүмкін болды. Бірақ ішкі тұтыну көлемі артқанымен, газ өндіру көлемі артпай отыр. Сондықтан экспорт көлемін азайтуға мәжбүрміз, - деді Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, газ экспортының қысқаруына байланысты Үкімет 2024 жылы көгілдір отынның құнын арттыруға мәжбүр болады.
2024 жылы экспорт көлемі нөлге теңеледі деп күтіп отырмыз. Демек, мүлде экспорт болмауы мүмкін. Соның салдарынан ішкі бағаны ынталандыру тетігі қалмайды. Яғни, газ бағасын көтеру керектігін ойлай бастаймыз деген сөз, - деді министр.