Кедей өңірлер көшін Түркістан мен Маңғыстау бастап тұр
2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі:
- Түркістан (9,8%);
- Маңғыстау (8,6%) облыстарында тіркелді.
Ал ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында.
Қала және ауыл тұрғындары табысының едәуір саралануы сақталған. Мәселен, қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерде 7,2%. 2021 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды.
-->2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі:
- Түркістан (9,8%);
- Маңғыстау (8,6%) облыстарында тіркелді.
Ал ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында.
Қала және ауыл тұрғындары табысының едәуір саралануы сақталған. Мәселен, қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерде 7,2%. 2021 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды.
Кедейлік деңгейі – ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар (тұтынуға пайдаланылған) халық санының халықтың жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы. ҚР бойынша 2021 жылы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен айына 37 266 теңгені құрады. Бұл ретте әрбір өңірдің өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейі есептеледі, – деді Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.