Экономика

Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті болуы тиіс – Үкімет басшысы

Осыған орай Премьер-министр мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

-->

Импорттың орнын алмастыру үшін шығарылатын өнім бәсекеге қабілетті және сапасы жоғары болуы тиіс. Сондықтан орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдар жүйелі және үйлесімді жұмыс істеуі қажет, – деді Ә. Смайылов.

Осыған орай Премьер-министр мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Бірінші, өңір әкімдіктері Индустрия және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, импорт алмастыру жобаларын іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымды уақытында жүргізіп беруді қамтамасыз етсін. Барлық жобалар жоспарланған мерзімге сай іске қосылуы тиіс. Екінші, Индустрия министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтасын. Үшіншіден, Сауда министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, СТ-KZ сертификаттарын алу тетігін, оның ішінде тиісті сертификаттарды беру функциясын Сауда министрлігіне қайтару мәселесін қарасын. Төртінші, Білім министрлігі Еңбек, Индустрия, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерімен бірге өндірістерді уақытында іске қосуды қамтамасыз ету үшін білікті кадрларды дайындау мәселесін пысықтасын. Бесінші, Индустрия министрлігі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, айтылған тәсілдерді ескере отырып, 16 мамырға дейін Импортты алмастыру жөніндегі бағдарламаның жобасын пысықтап, Үкіметке енгізсін, – деді  ол.