Экономика

Биыл елімізде қандай зауыттар іске қосылады

Министр 2022 жылдың негізгі жобаларын атап өтті.

Сондай-ақ Шымкент қаласында алюминий банкілерін өндіру бойынша жоба іске қосылады.

-->

Министр 2022 жылдың негізгі жобаларын атап өтті.

Олар – Атырау облысында пропилен өндіретін зауыт салу. Қарағанды облысында автомобиль шиналарын жасайтын зауыттың құрылысы және Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасы мен Түркістан облысында мұнай өңдейтін зауыттың құрылысы, – деді ол.

Сондай-ақ Шымкент қаласында алюминий банкілерін өндіру бойынша жоба іске қосылады.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында – май экстракциялық зауыты, Жамбыл облысында – минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейту жоспарлануда. Алматы қаласында алюминий және биметалл радиаторларының өндірісі іске қосылады, – деді Қайырбек Өскенбаев.