Экономика

Елімізде шағын және орта бизнесте 5 млн адам жұмыс істейтін болады

Оның айтуынша, бұл стратегия азаматтарға кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыруға жағдай жасайды.

-->

Тұжырымдаманы іске асыру 2030-шы жылға қарай осы салада жұмыс істейтіндердің санын 5 миллион адамға дейін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ 2030-шы жылға қарай жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40%-ке, жалпы ішкі өнімдегі орташа компаниялардың үлесін 20%-ке дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бұл стратегия азаматтарға кәсіпкерлік қабілеттерін іске асыруға жағдай жасайды.

Ашық әрі адал бизнес жүргізгенде ғана аталған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін болады, – деді Үкімет басшысы.