Экономика

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында бизнесті қолдау жалғасады – Әлихан Смайылов

Сондай-ақ ол шағын және орта кәсіпкерлікті дамытутың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында қандай істер қолға алынатынын атады.

-->

Үкімет «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірге бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бекітіліп, кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеу саясатын енгізу мәселелері туралы Заң қабылданды. Өз кезегінде, Үкімет «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы» аясында қолдау шараларын жалғастыратын болады, – деді Ә. Смайылов.

Сондай-ақ ол шағын және орта кәсіпкерлікті дамытутың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында қандай істер қолға алынатынын атады.

Бұл құжатқа сәйкес, шағын және орта бизнестің дамуына жаңа серпін беру үшін қажетті институционалдық жағдайлар мен алғышарттар қабылданатын болады, – деді Премьер-министр.