Экономика

Сбербанкте несиесі барлар енді қарызын Халық банкіне төлейді

Мәміле Қазақстан Даму Банкінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша ресімделген автокредиттердің бір бөлігін, кепілсіз кредиттердің, кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға арналған қарыздардың және ипотекалық кредиттердің бір бөлігі кіреді. Берілген кредиттер бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 330 млрд теңгені құрайды. Бұл ретте 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ тұтынушылық қарыздарының кредиттік қоржыны – 1,1 трлн теңге.   

Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, бүгінгі таңда Halyk Bank-ке жеке тұлғалардың қарыздары бойынша берешек қалдығы аударылды және бұл мерзімі кешіктірілмеген және проблемалық кредиттерсіз сапалы портфель екенін атап өткен жөн.

Қазақстан Даму банкінің басшысы Руслан Искаков ҚДБ жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы шеңберінде игерілген ақшалай қаражатты мемлекетке қайтарудың кепілі екендігін атап өтті.

-->

Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан барлық мемлекеттік ақшаны, оның ішінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары бойынша берілген ақшаны қайтарды. Несие портфелінің бір бөлігін беру – қаржы саласында кең таралған тәжірибе. Клиенттердің басқа банкке ауысуы еш қиындықсыз шешіледі. Біздің серіктес банк үшін бұл несие портфелін ұлғайту мүмкіндігі. Біз өз кезегімізде осы мәміледен клиенттеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша өтімділікті аламыз, – деді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев.

Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, бүгінгі таңда Halyk Bank-ке жеке тұлғалардың қарыздары бойынша берешек қалдығы аударылды және бұл мерзімі кешіктірілмеген және проблемалық кредиттерсіз сапалы портфель екенін атап өткен жөн.

Өз тарапымыздан біз Сбербанктен Halyk-қа үздіксіз көшу үшін барлық қажетті шараларды қамтамасыз еттік, – деп атап өтті Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Қазақстан Даму банкінің басшысы Руслан Искаков ҚДБ жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы шеңберінде игерілген ақшалай қаражатты мемлекетке қайтарудың кепілі екендігін атап өтті.

«Даму Банкі бағдарлама операторы бола отырып, бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде бағдарламаға қатысатын ЕДБ төлем қабілеттілігіне қарамастан, алынған қаражаттың мемлекетке қайтарылуы үшін толық жауапты. Қазіргі уақытта Ресей банктерінің еншілес компанияларына санкциялардың енгізілуіне байланысты жеңілдетілген автокредиттер ҚДБ тарапынан бағдарлама шеңберінде берешекті екінші деңгейдегі басқа банктерге аудару бойынша жедел жұмыс жүргізілді, – деді ол.