Экономика

Ұлттық банктің алтын-валюта активтері 1,2 млрд долларға азайды

Оның сөзінше, Ұлттық қордың активтері 52,7 млрд доллар болды.

-->

Ұлттық банктің алтын-валюта активтері жыл басынан бері валюталық интервенциялар, екінші деңгейлі банктер шоттарындағы қалдықтардың азаюы және сыртқы қарыз бойынша төлемдер есебінен 1,2 миллиард долларға азайып, 33,2 миллиард долларды құрады, – деді Ғ. Пірматов.

Оның сөзінше, Ұлттық қордың активтері 52,7 млрд доллар болды.

Республикалық бюджетке 1 036 миллиард теңге көлемінде трансферттер бөлу мақсатында 2022 жылдың бірінші тоқсанында 2,1 миллиард долларға валюталық активтер сатылды.

Мұнай бағасының айтарлықтай өсуі аясында Ұлттық қорға түсетін түсімдер жыл басынан бері 1 059 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге жуық өсті, оның ішінде валюталық түсімдер 1,9 миллиард долларды немесе баламада 845 миллиард теңгені құрады, – деді Ұлттық банк төрағасы.