Экономика

ЕАЭО елдерінде электромобильдерді кедендік рәсімдеусіз сатып алуға және сатуға рұқсат етілді

ЕАЭО елдеріне шектеулі мөлшерде әкелінетін электромобильдерге қатысты кедендік баж төлеуден босату түріндегі тарифтік жеңілдік беруді Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті. Бұл шешімге сәйкес, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстандағы кедендік рәсімдеу алынып тасталады. Қазіргі таңда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстаннан басқа барлық елдерде баж 15% мөлшерінде белгіленген.

Ресей Федерациясында азаматтығы және (немесе) тұрақты тұрғылықты жері бар адамдарға электромобильдерді иелену, пайдалану және билік ету құқығын беруге тыйым салынады.

Шешім сәуір айының басында күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, Қазақстан үшін квота биыл 10 мың электромобильді, ал 2023 жылы 15 мың электромобильді құрайды, Беларусь үшін де осылай. Арменияға квота – 7 мың (биыл) және 8 мың (келесі жылы), Қырғызстанға квота 5 мың (биыл) және 10 мың (келесі жылы) электромобильді құрайды.

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда биылғы 1 қаңтардан бастап электрокарларға нөлдік кедендік бақылау орнатылған болатын. Онда қазақстандықтарға жоғарыда айтылған жеңілдіктер мен квоталардың не қажеті бар деген сұрақ туындайды. Сауда министрлігі өкілдері түсіндіргендей, Қазақстанға баж салығынсыз әкелінген электромобильдерді ЕАЭО елдерінде төлем жасамай өткізуге тыйым салынған екен. Ал ЕЭК кеңесінің шешімі екі жыл ішінде электромобильдерді Қазақстаннан Одақтың (Ресейден басқа) басқа мемлекеттеріне еркін сатуға мүмкіндік береді.

-->

Тарифтік жеңілдікті электромобильдерге сұранысты, оларды өндіруді ынталандыруға және зарядтау стансалары желісін дамытуға бағытталған басқа шаралармен бірге қолдану осындай көлік түрлерін неғұрлым кеңінен таратуға, сондай-ақ оларды ЕАЭО-ға шығару үшін мүмкіндіктер терезесін құруға ықпал етеді деп күтіліп отыр, – деп атап өтті ЕЭК-тің сауда министрі Андрей Слепнев.