Биылғы екі айда елімізде 14,3 мың көлік шығарылды
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров машина жасау саласында серпінді өсімі қамтамасыз етілгенін атап өтті. Атап айтқанда көрсеткіш 9,2%-ға артқан, оның ішінде автомобиль өнеркәсібіндегі өсім 10,2%-ды құрайды.
Соңғы жылдары елде автоөндіріс саласы қарқынды дамуда. Мәселен, биылғы екі айдың қорытындысы бойынша салада ақшалай түрде 133,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді (бір жыл бұрын – 93,5 млрд теңге). Бұл қазірдің өзінде Қазақстанның машина жасау сегментіндегі жалпы өнім көлемінің 38,4%-ды құрайды.
Салыстырар болсақ, жалпы 2021 жылдың соңында бұл көрсеткіш 32,1%-ды құраса, бес жыл бұрын, 2016 жылдың соңында небәрі 9,9%-ды құраған.
Өз кезегінде, машина жасау саласының өзі 2021 жылдың соңында Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнімінің 14%-ға жуығын қамтамасыз етті, бұл бес жыл бұрын 9,4% ғана еді.
Жалпы алғанда, 2021 жылдың қорытындысы бойынша автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркеме көліктер секторындағы өндіріс құндық мәнде бірден рекордтық 739,1 млрд теңгені құрады. Саладағы өнеркәсіп өндірісінің өсімі жыл қорытындысы бойынша өте маңызды 24,3%-ға жетті. Ал машина жасау саласында өндіріс өсімі 20,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,5%, жалпы өнеркәсіп саласында – бар болғаны 3,8% болды. Осылайша, бүкіл әлемдегі логистикалық және сектордың басқа да күрделі мәселелеріне қарамастан, отандық машина жасау саласы біртіндеп дамып келеді.
Биылғы екі айда елімізде 14,3 мың көлік, тіркеме және жартылай тіркеме шығарылды, бұл бір жыл бұрынғыдан 10%-ға дерлік артық. Олардың ішінде тікелей жеңіл автокөліктер – 12,4 мың (жылына 7,2% артық).
Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша сектордағы өнім бірден 93,5 мың техниканы құрады, бір жыл ішінде көрсеткіш 20,8%-ға артты. Бұл – қазақстандық автомобиль өнеркәсібі үшін жаңа рекорд.
Сонымен қатар 80,7 мың жолаушылар вагоны шығарылды, бұл былтырғы көрсеткіштен 24,5%-ға жоғары.
-->Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров машина жасау саласында серпінді өсімі қамтамасыз етілгенін атап өтті. Атап айтқанда көрсеткіш 9,2%-ға артқан, оның ішінде автомобиль өнеркәсібіндегі өсім 10,2%-ды құрайды.