Экономика

Елімізде заңсыз майнинг фермаларының жұмысы тоқтатылды

Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 55 майнинг фермасы қызметін өз еркімен тоқтатты. Олардың қатарында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен, «QazaqGaz ұлттық компаниясы» АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаевпен және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматуллинмен үлестес фирмалар бар.

Сонымен қатар, 51 майнингтік ферманың заңсыз қызметінің жолы кесілді. Олар қызметтерінің басталғаны туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз энергиямен жабдықтау көздеріне заңсыз қосылған, арнайы экономикалық аймақтардың аумағына негізсіз орналастырылған, сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтарған. Бүгінде олардың барлығы электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған. Мысалы, Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағында майнингтік ферма заңсыз қызмет атқарған. 

Павлодар облысында жылыжай шаруашылығымен айналысатын екі компания үшінші тұлғаларға өзінің артық электр энергиясын майнинг үшін лицензиясыз сатқан. Заңсыз қызметті жүзеге асыратын майнингтік компаниялардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірі Қайрат Итемгеновпен үлестес фирмалар бар.

Бұдан басқа, заңсыз майнинг қызметін ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы Тілеген Маткеновпен байланысты компаниялар жүзеге асырды.

Майнинг жабдықтарының елге кіруі бойынша: Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен әкелінген болатын. Оларды әкелу контрабандалық тәсілмен жүзеге асырылды. Осындай фактілердің бірі Алматы қаласында анықталды, онда Қытайдан 2,8 млрд теңгеге бір мыңнан астам майнингтік жабдық әкелінген. 

Қаржылық мониторинг агенттігі барлығы 25 қылмыстық істі тіркеді, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдық тәркіленді.

Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шаралар электр энергиясын тұтынудың өсуін тежеуге ғана емес, сондай-ақ энергия қуаттылығының босатылуына да ықпал етеді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елдегі электр энергиясын тәуліктік тұтынуы 600 Мегаватт/сағатқа төмендеді.

Айта кету керек, майнинг және сандық активтердің айналымын жеткілікті реттеудің болмауы қаржы жүйесіне және азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Егер заңсыз майнингтік қызметтің куәгері болған жағдайда 8 (7172) 708-478 сенім телефоны арқылы хабарлауға болады.

-->