1 сәуірден бастап бизнес грантын алуға өтінімдер қабылданады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. 2019 грант беру жоспарланған, оның 1089-ы жастар үшін және 930-ы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.
Өтінімдерді қабылдау 10 жұмыс күніне созылады, содан кейін аудандық/қалалық комиссия берілген өтініштерді қарайды. Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын болады. Өтінім берілген күн комиссияның шешіміне әсер етпейді.
Ағымдағы жылы өтінімдерді қабылдау 7 лек шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Мұндай шешім азаматтардың «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан өтіп үлгеруі үшін қабылданды.
Гранттар бір рет беріледі. Бұл ретте, бизнес-жобасын комиссия қарау барысында мақұлдамаған үміткер келесі ағындардың біріне өтінімді қайта бере алады.
Биыл барлығы 20 мың грант бөлу жоспарлануда. Соның ішінде жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар үшін (атаулы әлеуметтік көмек алушылар; көпбалалы отбасы мүшелері – көпбалалы отбасылар бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы); оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударушылар; қандастар; мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері; мүгедектігі бар адамдар) 10 мың грант беру көзделуде.
-->Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады. 2019 грант беру жоспарланған, оның 1089-ы жастар үшін және 930-ы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін.