Экономика

Қазақстан Үкіметі маңызды мәлімдеме жасады

Үкімет мәлімдемесіндегі дерек бойынша, екінші деңгейдегі банктерде 2022 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша шамамен 15,3 трлн теңге немесе активтердің 40% құрайтын өтімділігі жоғары активтердің біршама қоры бар.

Заңда белгіленген шекте жеке тұлғалардың депозиттеріне мемлекет кепілдік береді. Биылғы қаңтарда халықтың теңгелік жинақ депозиттері бойынша кепілдік сомасы 20 млн теңгеге дейін, сондай-ақ түрлері мен валюта бойынша әртүрлі депозиттерге кепілдік берудің ең жоғары жиынтық сомасы «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ тарапынан ұлғайтылды.

Бұдан басқа, бағаның өсуін тежеу мақсатында Үкімет Инфляцияны бақылау және төмендету бойынша шаралар кешенін іске асыруда.

Жалпы, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жағдайды бақылауда ұстауда. Бұл үшін күн сайын Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырыстары өткізіледі. Оның шеңберінде экономикалық жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері бойынша шешімдер пысықталады.

Сондай-ақ халықты үрейленбеуге және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

-->

Қаржы нарығының орнықтылығын және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет есебінен халықтың депозиттері бойынша сыйлықақы есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын әзірледі, - делінген хабарламада.