Экономика

Елімізде 2025 жылға дейін 2 млн жаңа жұмыс орны ашылады

Оның айтуынша, Еңбек министрлігінің қатысуымен барлығы 33 іс-шара қарастырылған. Оның 16-сы тікелей министрлікпен жүзеге асырылады.

-->

Халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында Еңбек министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша 3 негізгі бағытта жұмыстар жүргізетін болады, – деді С. Шәпкенов.

Оның айтуынша, Еңбек министрлігінің қатысуымен барлығы 33 іс-шара қарастырылған. Оның 16-сы тікелей министрлікпен жүзеге асырылады.

Бұл іс-шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесін азайту, жұмыссыздық көлемін төмендету, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді, – деді ол.