Экономика

Әлихан Смайылов: Отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру – аса маңызды мәселе

-->

Ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, оның экспорттық әлеуетін де арттыру – аса маңызды мәселе. Осы тұрғыда көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу керек. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзекті мәселе. Өз кезегінде Үкімет науқандық жұмыстарды қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шешімдерді қабылдады, – деді Үкімет басшысы.